МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ — БИЛІКТІҢ ЖАРҚЫН КЕЛБЕТІ

Еліміздің өркендеуі жолында еңбек еткен мемлекеттік қызметкерлердің саны бүгінде 90 932 адамды құрайды. Алматы облысында 7971-і халыққа қызмет көрсетсе, оның ішінде 144-і Ескелді ауданында аянбай еңбек етеді екен.

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілерінің күніне орай аудан әкімдігінің үлкен залында салтанатты шара өтті. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов әріптестеріне ыстық лебізін білдіріп, әділеттілік пен адалдықтың үлгісі болып қызмет етіп жүрген үздік мамандарға аудан әкімінің алғыс хатын тапсырды. Мемлекеттік қызмет саласының ардагері, көптеген жылдардан бері ауданның саяси-экономикалық дамуына зор үлесін қосып жүрген Т.Мүсәпіров жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтап, ұлт қызметшілеріне зор табыс тіледі. Жер қатынастары бөлімінің бас маманы И.Жұмабаева адал еңбек ететініне ант қабылдап, салтанатты жиын соңы Мәдениет үйі қызметкерлерінің дайындаған концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА.